Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жайлау күні

Наурыз мейрамын мерекелеудің тұжырымдамасы мен ұсынымына сәйкес, бүгін, 15 наурыз, біз Жайлау күнін – табиғат күнін атап өтеміз. ⠀ Әлемнің әртүрлі халықтарының табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау туралы өзіндік көзқарастары мен дәстүрлері бар. ⠀ Қазақ халқының өмір салты ежелден табиғатпен байланысты, өйткені табиғат адамның тіршілік ету ортасы болып табылады. ⠀ Халық өзін табиғаттың бір бөлігі деп санап, оның байлығын көздің қарашығындай сақтап қалды. Мұндай дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен сіңген болатын. ⠀ Табиғат төңірегіндегі өмір қазақтардың көшпелі дүниетанымының бір бөлігіне айналды, сондықтан экологиялық және зияткерлік дамуға ықпал ететін аумақты абаттандыруға назар аудара отырып, бұл күнді табиғатта өткізу маңызды. Үй мен кеңселер тазаланады, алаңдар сыпырылып, қар мен қоқыстан тазартылады. Адамдар бір-бірінің реніштерін кешіреді, қонаққа шақырады, бірге серуендейді. ⠀ Бұл күннің символы-қызғалдақ. _______________ Согласно концепции и рекомендации празднования Наурыз мейрамы, сегодня, 15 марта, мы отмечаем Жайлау күні – День природы. ⠀ У разных народов мира существуют своеобразные взгляды и традиции на использование и охрану природных ресурсов. Образ жизни казахского народа испокон веков связан с природой, поскольку именно природа является средой обитания и существования человека. ⠀ Народ, считая себя частью природы, хранил ее богатства как зеницу ока. Такие традиции передавались из поколения в поколение с молоком матери. ⠀ Жизнь в окружении природы стала частью кочевого мировоззрения казахов, поэтому важно провести день на природе, уделив внимание благоустройству территории, что будет способствовать развитию экологического и интеллектуального. В этот день убирают помещения, офисы, подметают площади, расчищают от снега и мусора. Люди прощают друг другу обиды, приглашают в гости, на совместные прогулки. ⠀ Символом же этого дня является тюльпан.

0
0
531

Осы тақырып бойынша

Жайлау күні - Yvision.kz