ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
2

Жайдарманның жайы

 

Сатирик Сейіт Кенжеахметұлының "Күлдіре білу - өнер, күле білу - өмір, күлкіге қалу - өлім" деген күлкі туралы та­уып айтқан сөзі бар. Расымен, халыққа күлкі сыйлау, қоғамдағы ке­леңсіз жайттарды сынға алып, әзілмен жеткізу кез келген жанның қолынан келетін іс емес. Талант пен тап­қырлықты қажет ететін өнерге әркімнің-ақ та­ласы бар. Дей тұр­ғанмен, киелі өнерді өлтір­мей­тін, отын өшірмейтін өнерпаз болу басты мәселе екенін ескергеніміз жөн. Осы орай­да, қалың жұртты өнерімен тәнті ет­кен қазақ әзілінің алғаш­қы қарлы­ғаш­ы "Та­маша" әзіл-сықақ теа­тры, қо­ғам­­дағы кө­рініс­терді шымбайыңа бата­тын тікенді тіркестер арқылы әзіліне сый­дырған "Шаншар", "Алдараспан" секілді шоқтығы биік өнер топтарының орны қашанда ерекше. Бүгінгі күні әзілдерінің әрлеуі аталмыш өнер ұжымдарының деңгейіне жетпесе де, бір терінің пұш­пағын илеп, қалып­тасып келе жатқан жаңа толқын әзіл­кештер жетерлік.

Солардың қатарында қоғам сұра­ны­сына ие жайдарманшылардың да бар екені жасырын емес. Тіпті жайдарман ар­қылы танылып, өзіндік имиджін қалып­тас­тырып үлгерген жастардың қатары қалың. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Мұн­дай көңілді тапқырлардың кейде сәтті, кейде сәтсіз шыққан туындыларын сіз бен біз көріп жүрміз. Алайда, өнер бар жерде сын мен сапаның қатар жүретіні секілді, кемшілік атауы да қылаң беретіні анық. Бүгінгі әзіл-қалжың көрермен кө­ңілінен шығады ма? Кемшіліктері мен жеткен жетістіктері қандай? Осы тұста бүгінгі Сыр өңірі жайдарманының жай-күйін саралап көрелік.

Жайдарман десе ішкен асын жерге қойып, тағатсыздана күтетін көрерменнің көп болуы сапалы әзіл мен жақсы ойын­шы­ға байланысты. Жайдарман ойында­рын­да жайдары жақсы әзілімен көрер­мен­дердің көзайымына айналған құрама қатарында Сыр саңлақтары да баршы­лық. Бұл соңғы 10 жыл көлемінде қарқын­ды атқарылған жұмыстың, қызу дайын­дықтың болғандығын айқындайды. Әзіл ала­ңында "Қызықорда", "Тұңғыш Ас­та­на", "Қорқыт құрамасы", "Аралас" секілді ко­мандалардың топ жаруы өңірлік жай­дар­ман үшін үлкен жетістік деп айтуға болады. Бүгінде республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген "Қармақшы құра­масы" да мақтануға тұрарлық.

 

Жайдарман ойындарының жандана түсуі көпшілікке оң көзқарас қалып­тас­ты­рып, жастардың қызығушылығын жыл өт­кен сайын арттыруда. Дегенмен, сан­нан гөрі сапаның болғаны маңыздырақ. Се­бебі, жиылған халық пен әділ бағасын берер төрешінің де күтетіні ой салар ас­тарлы әзіл, қағытпа қал­жың. Жү­йе­сіз сөз, арзан күлкі, дарақы қы­лық, құр айқай-шу осын­дай тізбекпен елге күлкі сый­ладым деп, өзі күлкіге қа­лып жа­та­тын жай­дар­ман топтары жоқ емес. Бұл жөнінде "Қазақстан КВН Одағы" рес­публикалық жастар қоғам­дық бір­лестігінің Қызыл­орда КВН фи­лиа­лы­ның директоры Әлі­би Басаров ойын бы­лайша жет­кіз­­ді:      - Жұлдызды жай­дар­ман­шылар мау­сымы аяқ­талды. Сондықтан біз жаңа жай­дарман командасын жарыққа шы­ғару­дамыз. Әрине, бұл үшін жұ­мыс­тар атқарылуда. Жайдарманға қызы­ғу­шы­­лығы басым болғанымен, сахна төріне бірінші рет шығып тұрған қыз-жігіттер де арамызда бар. Екіншіден, ойындағы орын алмасу да әзілдің кө­шіріліп, қайтала­нуы­на әсерін тигізіп отыр. Бұл уақытша ғана, алдағы уақытта ай­тылған кемшіліктер түзеледі,- деп түйіндеді сөзін.

Ал, көпшілік қауымның жайдарман жайлы ойын сұрап, берер бағасын біл­ге­ні­мізде түрлі пікірлерді естідік. Бірі әзіл­дердің көңіл көншітпейтінін айтса, бірі жайдарман ойындарының жаңарып жатқандығына тоқталды. Ойыншылар көпшілік көрерменнің көзқарасы мен сұранысына құлақ асса, өткір әзілдерімен көзге түсу үшін командаларға көп ізденіс керек. Осы тұста әзілдері сапалы "БУ құрамасы", "Әл-Фараби құрамасы", "Жас new" сынды жас жайдарман топтары көрермендердің қошеметіне ие екендігін бай­қадық. Ал, жайдарманның аға тол­қынының бірі Нұрлыбек Асанбаев:

- Қызылорда жайдарманының жетіс­ті­гі жаман емес. Дей тұрғанмен, жайдар­ман саласында жүрген жастарды жан-жақты сауаттандыру керек сияқты, ме­ніңше. Сонда ғана сапалы әзіл, қызу ойын көрінісі көпшілік назарына ұсынылады. Көш жүре түзеледі. Алдағы уақытта аға буын өкілдерінің жолын жалғар жай­дар­ман­шылар шығады деген үміттемін,- дейді.

Жас жайдарманшы қауым қоғамдағы өзекті мәселені көбірек сынға алып, ел ес­керер есті әзілдерді халық назарына ұсын­са сабырлы еңбектің құны салмақты бол­мақ. Қарапайым көрерменнің де, осы сала­дағы мамандардың да пікірін білдік. Әрі қарай ой таразысына салып, тұщым­ды әзіл ойнай білу жайдарманшылардың, ал оны саралау көрерменнің өз еншісінде.