Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жасыма, қазақ жасыма

 

Еркіндік бар басыңда

Күш көрсетіп өзгелер

қол сұқпайды асыңа

Жасыма, қазақ жасыма.

 

Қазақ қай қасиеттен арылуы тиіс, жаңа заман еркіндігі қолында тұрғанда?

Жасықтық, өкпешілдік, біркүндік пиғыл, бұл қасиеттің біразы туа біткен болмыстан болса, біразы салт пен дәстүр тәрбиеден біткен қасиеттер.

«Курлы-мурлы» дегенге сонша өкпелейтіндей не бар деп ойлана бастасаң артында жасырынған қаңқа мен скелеттерден, бықсып жатқанымызды байқаймыз.

Ол бықсыққа кім кінәлі?

Әрине, біз, өздерін қазақ санайтын халық санатындағылар, кінәліміз.

Қай халық өз тілінен жеріп, басқа тілде сөйлеп кетті?

Кеңес Одағының аумағын ғана алар болсаңыздар, тек, қазақ қана қос тілдес болып кетіпті. Оған орысты да өзгені де кінәлауға болмайды.

Адам болсын, социум, халық болсын кінәні өзінен таппай, басына түскен жағдайды жақсарта алмайды. Өзгені кінәлағанмен өзіңнен кінәрат таппай келеңсіздікті жоя алмайсың.

Қазақ тәубешіл, құдайға рахметін айтып, қанағат қыла білетін халық. Аллаға рахмет айта білу, қанағат қыла білу ол қол жетпес қасиеттердің бірі. Қанағаттандырылғандықтан басқа, артқа үңіліп, болашаққа да көз тастау қажет. Ана атамыз батыр, басқа атамыз би, өзге атамыз бай болған деп өткенге массаттанғандықтан өтіп, болашақта өзге елдермен конкуренция, тайталасып, терезесі тең деңгейде өмір сүруге тырысып, бағдар-бағыт алу қажет.

Орыс тілдес қазақтар «курлы-мурлы» десе, қазақша сөйлей алғандар « Нурлы- нурлы» деп массататанамыз. Біркүндіктің жаман жері, нурланып кеттік деп мастанып, ертеңге аяқ басудан ерініп бойкүйездікке салынып кетуіміз әбден мүмкін.

Өзге тойды тойламасаң тойлама

Бүгін тойсаң ертеңіңді ойлама, - деген қағида қасиет болып қалыптаспауы қажет.

Соңғы ақшасы тұрмақ, болашақты бұлыңғыр қылып, кредитпен той тойлаудан да арыла бастау керек.

Мұндай бақытты ғұмыр қазақтың басында болмаған деген, әрине жақсы, және орынды, тек соған мастанып, ақшаны оңды, солды шашудың да қажеті жоқ. ЭКСПО керек пе мә саған, арайлы да, әдемі Астана керек пе, міне саған деп, - қаражаттың барлығын тек жасандылыққа, біркүндік мақсатқа жұмсай беруге болмайды.

Қазақ халқының бақытты болуы үшін, болашақтан бой көтеруі үшін, халықтың төменшіктемей, өз елінде жасымай өмір сүруі үшін жасалуы тиіс ең басты міндет ол қарапайым халықтың жалақысының өзге елдермен тең деңгейде болуы. Егер халықтың алатын айлығы шайлығынан аспаса, әсем қалалардың кімге керегі бар?

Қазақстандағы ортақ жалақы жүз қырық мың \140\теңге деген жақсы ақ, бірақ, біреу айына \3000000\үш миллион алып, басқалары отыз мың \30000\теңгемен күн көріп жатқаны ол жақсылық емес. Ортақ жалақы сондай деп массатануға болмайды, бұл мәселені мен Канадада тұрып қайтқаннан кейін байқай бастаған едім. Ол елде ең жоғарғы жалақы мен ең төмен жалақының мөлшері 10 еседен аспауы тиіс. Және қарапайым халыққа сағатына 11,50 доллардан кем төленбеуі тиіс. Қазақстанда сағатына емес айына 25 мың теңге, немесе 80 доллар төлеуге заңды түрде болады.

Қазақстан кәсіпкерлер үшін өте колайлы ел, ал қарапайым жұмысшы, еңбеккер үшін қолайсыз.

Мемлекет өзге елден келушілердің емес, бірінші ретте қарапайым өз халқының бақытты болуын ойлауы тиіс. Екінің бірі кәсіпкер бола алмайды, сол себепті де қарапайым халыққа сағатына төленетін ең төменгі шкала бағам болуы тиіс. Ол заңмен бекітілуі міндет. Қалалық жерде сағатына мың тенгеден, ауылдық жерде 700 теңгеден төмен төлеуге болмайды деген тарифтік жоспар заңмен бекітілуі тиіс. Тек сол кезде ғана құлдыққа, Адам құқығына нұқсан келтіруге тосқауыл қойылады.

Бұл мемлекеттің, екінші, маңызды міндеті болуы тиіс.

Ең маңызды міндет ол мемлекеттік Қазақ тілінің мәртебесі. 25 жылда шешімін толық таппаған мәселенің бірі осы тіл мәселесі. Қара қалжың ретінде айтылған « курлы- мурлыға» соншама халықтың қапа болуы соны меңзейді. Қазақ үш тілдес болады деп жабулы қазанды қымтай салуға болады, тек ол қазақ тілінің мәртебесін, қазақ халқының мерейін үстем қыла алмайды.

Өз-өзін сыйлай алмаған, өзгеге өзін сыйлата алмайды.

Қарапайым адам болсын, халық болсын өзін сыйлауды үйренуі тиіс, өзін сыйлай алғанды, өзгелер де сыйлайды.

Россия президенті Путиннің жақсы қасиеті орыс тілінің мәртебесін орынды деңгейге жеткізді, заң жүзінде орыс тілін білмеген адам еңбек ете алмайды деген заң қабылдатты.

Қазақ қос тілдес болғандықтан, Қазақстанда егер адам қос тілді меңгермесе, мемлекеттік қызметке қабылданбауы керек. Тек егер Қазақ және орыс тілін меңгерген ғана депутат, мемлекеттік қызметкер бола алуы заңмен бекітілген міндет боуы шарт.

Орыс тіліне ешкім шектеу қойып жатқан жоқ, тек қазақ тілінің мәртебесіне орынды көмек қажет. Өз елімізде өзімізді сыйлай алмасақ, ешкім бізді сыйламайды. Тек мемлекеттік қызметте, банкілер мен басқа да халыққа қызмет көрсететін орындарда осы қос тілдестікті міндеттегенде ғана қарапайым халық қазақ тілін үйренуге тырысады.

Ширек ғасыр тек ауыз көпіртіп «тәк-тәк» пен келеміз, артқа шегінер жер жоқ, Артымызда Москва, алдымызда Пекин, Астана аспандаған қыран болуы үшін Қазақстан деп аталған елге Қазақ тілінің мәртебесі Қажет.

Қазақ тілінде сөйлейміз деген ұран флеш-моб жариялау керек, аптаның бір күнінде барлық мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілінде сөйлеуі тиіс.

Бұл біздің мемлекетіміз, біздің еліміз, өз елімізге ойран салуға болмайды, Мұхтар Әблязов секілділердің айтағына еріп көтерілуге, қырылысуға болмайды егер еліміздің ертеңін ойласақ.

Қарапайым халық ол орасан күш. Билік басындағылар халықтың сесінен сескенуі тиіс, сыйлауы керек. Қарапайым халық жасқаншақ болмай өз ойын еркін айта білуі қажет. Қазақты жастайынан «ей саған не жоқ, өзгелер отырғанда қыстырылмай тыныш отыр», - деп жасытып өсіргендіктен, халықтың өзін сыйлау деңгейі төмендеп кеткен. Тек қатты жанына батқанда ғана атырылады.

Сынай білу керек, Елбасы президенті де сынауға болады, тек орынды болса.

Орынсыз өкпені қойып, менің қолымнан не келеді, қанша «курлы-мурлыға» қазақ тілін үйреттім деп өзіңізге міндет қойсаңыз, өзіңіз де «Нурлы-нурлы» боласыз. Ана тілде сөйлеуден ұялмаңыздар, қазақтар.

Нұрлы болыңызлар.

Нұрлы Нұрлан Бекмұрат.

24.07.2017 ж.

 
0
1
777

Осы тақырып бойынша