Жастармен кездесу өтті
«Ең алдымен, партия филиалының атынан баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Баршаңызға шын жүректен бақыт, денсаулық, амандық, болашақтарыңызға жақсылықтар тілеймін.

1991 жылғы 1 желтоқсанда тарихта алғаш рет бүкілхалықтық түрде Қазақстан Президентін сайлады. Бүгін Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясаты тәуелсіз Қазақстанды ТМД-ның Орталық Азия өңіріндегі алдыңғы қатарға шығарды және халықаралық аренада да жоғары бағаға ие болды. Жалпы тәуелсіздікпен Елбасы егіз ұғым десек артық айтқандық болмас»,- деді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков жастармен кездесті.
Жалпы іс- шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін өскелең ұрпаққа таныстыру. Қазақстан жастарының мәдени-тарихи, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға ықпал ету.
