Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Жастардың таңдауы - Выбор молодежи”

“Жастардың таңдауы - Выбор молодежи”

Кітап адамзат баласының баға жетпес асыл құндылғы. Ғылымның қайнар бұлағы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Біздің бұл өмірдегі жетістіктеріміздің бәрі білім қазынасы арқылы басталады. Білім қазынасы ол - кітап. Кітап - өмірдің кілті. Жастардың кітап оқуға, әдебиетке жақынлығы - болашағымыздың айқын болатындығының кепілі. Кітапхана жастар үшін ең құтты орын болып саналады. Себебі мұнда кітап оқып, ой түйіп , ақыл мен сананы дамытуға үлкен мүмкіндік жасалған. Бағыт-бағдарың айқын, жолын тура, ой пікірің анық болсын деген. Адам ілімді кітаптан іздейді. Алайда, кітап оқитын адамдар әр түрлі. Қазіргі кезде заманауи шығып жатқан технологияларда кітап оқып, білім алғанның нәтижесі деп түсінемін. Жастар кітап оқымайды емес, оқиды. Тек кітап оқитындардың санын арттыру үшін оқуға қызықтыратын түрлі амалдар мен іс-шаралар ұйымдастыру керек. Осы бағытта жастарды кітап оқуға, оқырман жастар қатарын толықтыру мақсатында кітапханада түрлі мәлени іс-шаралар оздырылуда.

А. Қалимоллаев

Оян ауылдық кітапхана меңгерушісі.

#Жастардыңтаңдауы

#Выбормолодежи

#Оянауылжастары

0
0
157

Осы тақырып бойынша

“Жастардың таңдауы - Выбор молодежи” - Yvision.kz