Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің» төрағасы болып сайландым.

Бүгін «Nur Otan» партиясының Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Қ.Айтмұхамбетовтың төралығымен Саяси Кеңесінің Бюросы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: аудандық кезекті XXVII конференцияны шақыру туралы, өткізілетін күні, конференцияның күн тәртібі және аймақтық конференцияға делигаттар сайлау жөніндегі квота бекітілді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының Ақжайық аудандық «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестердін төрағалары мен құрамын бекітіп, шешімдері қабылданып, Мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің» төрағасы болып сайландым. Алдағы уақытта, аудан жастарымен белсенді қарым қатынаста болып, әр түрлі іс-шаралар өткізуге ат салысып, өз тарапымнан барлық жастық күш-жігерімді, ауданның дамып өркендеуіне, өрлеуіне, жұмсайтын боламын. Ең бастысы ел тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!!!!

#NurOtan

#JasOtan

Nur Otan Aqjaiyq Audany

0
0
222

Осы тақырып бойынша

«Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің» төрағасы болып сайландым. - Yvision.kz