Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастар жадына ғаламтор жау»

2021жылы 11 ақпан күні ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында Шардара қаласындағы Шардара мектеп-лицей мен М.Әуезов, Б.Соқпақбаев ЖОМ жоғарғы сынып оқушыларымен ZOOM платформасымен «Жастар жадына ғаламтор жау» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары М. Халықов, аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д.Байбеков және Шардара қаласындағы, «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінің наиб имамы Ә.Тиллабай қатысты. Кездесуде ғаламтордың жастарға тигізіп отырған әсері жайлы түсіндірме берілді. Одан бөлек, дәстүрлі емес діни ағымдардың ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет ғұрыптарымызды теріске шығарып, қоғамға тигізіп отырған зияндылығын түсіндіріп, ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталды. Жастарға жат ағымдардың арбауына түсіп қалмауы үшін діни біліктілігін артыру керектігі жайында айтылды. Сонымен қатар, жастарға ҚМДБ-ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті.

0
0
459

Осы тақырып бойынша

«Жастар жадына ғаламтор жау» - Yvision.kz