Жастар партияны қолдауға шақырды
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында түсінік жұмыстарын жүргізіп, жастарды қолдау бағытындағы негізгі басымдылықтарға тоқталды.Мәселен, ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жыл сайын 70 жасты көгалдандыру жұмысына тарту, «Бастау бизнес» жобасы бойынша әр жылы жастарға кемінде 5 грант бөлу, «Еңбекті нәтижелі жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жылма жыл 50 жасты жұмысқа орналастыру, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жыл сайын 11 маманды ауданға тарту жұмыстары жүргізілмек. Басқосу барысында партия өкілдері жастармен етене жарқын әңгімелесіп, «Nur Otan» партиясы қашанда жастардың бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Кездесу барысында жастар да өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, орнықты ойларын ортаға салды. Алдағы сайлау жұмыстарына сәттілік тілеген олар елдегі саяси науқаннан тыс қалмайтындықтарын жеткізді.
