Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Жастар Отанға" партиялық жобасы аясында кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Шанханай бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында кездесу өтті. Кездесу барысында бастауыш партия ұйымының төрағасы мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін жастарды қолдауға басымдық беріп, осы бағытта көптеген шараларды жүзеге асырып жатқандығын айтып өтті. Нәтижесінде, бұл еліміздің дамуына үлкен серпініс берді. Бұл саясат келешекте өзінің үлкен жетістіктерін беретіні сөзсіз, – деді бастауыш партия ұйымының төрағасы. Жиын қатысушылары орта және жоғары білім берудің қол жетімділігін, еріктілер қозғалысының негізгі қағидалары және де ауыл жастарына бос уақытта айналысатын шаралар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Жиын барысында сонымен қатар креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін талантты жастарға арналған алаң құруды, сондай-ақ жастар мәселесіне байланысты көптеген өзекті сұрақтар қозғалды.

📷

📷

📷

📷

2Жулдыз Амандосова и Динара Алимкулова

0
0
123

Осы тақырып бойынша

"Жастар Отанға" партиялық жобасы аясында кездесу өтті - Yvision.kz