«Жастар Отанға!» бағдарламасы
«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы, жастар ресурстық орталығының директоры Сабитов Ермек Бауржанович «Жастар Отанға!» бағдарламасы бойынша аудандық филиалдың instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде кездесу өтті. Қыркүйек айында елордадағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» Жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасын ресми түрде таныстырған болатын. Онда бағдарламаның 5 жылдық жобасы көпшілік назарына ұсынылып, сол бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді7

Аталған жоба бес бағытты қамтиды. Яғни, бағдарламадағы бес негізгі бағыт бойынша түрлі жұмыс атқарылады. Бұл бағдарлама 5 бағыттан, яғни азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу бағыттарынан тұрады.
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
