«Жастар отанға-2025» бағдарламасы талқыланды

«Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Алибаев, «Әйтеке би ауданының аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, «Jas Otan» Жастар қанатының аудандық филиалының белсенді мүшесі, Нұрсұлтан Тлеужанов «Жастар Отанға-2025» бағдарламасы талқылау мақсатында ауданымыздың белсенді жастармен кездесу өткізді. Іс-шараға ауданның белсенді жастары қатысты.
- Белсенді жастардың «Жастар Отанға-2025» бағдарламамызды талқылап, біздің жұмысымыздан шет қалмағанына қуаныштымын. Осы бағдарлама арқылы жастардың проблемаларын шешкенін қалаймыз. Өйткені жастар біздің қоғамымыздың маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Еліміздің әрбір төртінші азаматы-жас адам, сондықтан олардың проблемалары-біздің қоғамның проблемалары және біз оларды барынша тезірек шешуіміз керек, - деді Марат Алибаев.
«Жастар Отанға» жобасы 2025 жылға дейін таратылады, ол өз кезегінде жан-жақты қолдау үшін негіз болады және ел жастарының дамуына жаңа жол сілтеуші болады. Жобада ұйымның жаңа мақсаттары мен міндеттері анықталған.
