Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар үні

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күні жариялаған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру"атты Жолдауында жоғарыбілім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілгені жайында хабарланған болатын. Жаһанданумен бірге білім мен ақпараттық технологиялар, ішкі жəне сыртқы сауда-саттықтың жəне бəсекелестіктің одан əрі күшеюіне себеп болуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда елдердің дамуы жоғары оқу орындардың білім деңгейімен өлшенеді.

2018 жылдың 11 қазан күні аталмыш тақырыпты талқылаға салу мақсатында «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында Алматы жастарының «Көзқарас» дискуссиялық клубы аясында «Жаһандану үдерісі: ҚР-дағы жоғары білім берудің өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің басты қонағы ретінде Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына түскісі келетін шетелдік студенттерге арналған StudyKazakhstan онлайн-платформасының негізін қалаушы. Neupusti.net компаниясының директоры, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының түлегі Ардақ Бердібеков қазақ жастарына болашақта қажет қасиеттер мен қабілеттер жайында сыр шертті.

Ардақтың төл жобасы "Neupusti" — бұл жастарға арналған білім, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктер порталы. Оның мақсаты – студенттерге, дарынды балаларға және жас мамандарға мансап және шығармашылық биіктерге жетуге, сондай-ақ өз бизнесіңді жылжытуға септігін тигізу болып табылады.

Оның айтуынша, қазақ жастарының басқа ұлттардың жастарынан еш айырмашылығы жоқ, тек біздің елдің жастары байқау мен мүмкіндіктер жайында аз ақпараттандырылған.

"Әр білім алушы өз алдына есеп беріп, тек өзі үшін оқитынын түсінуі қажет. Біреуден көшіру - өзіңе жасаған қиянат". Шетелдерде, ғылым, индустрия, технология барлығы бірге дамиды. Біздің мемлекетке осы жүйені қалыптастыру қажет"- дейді Ардақ Бердібеков.

Источник: https://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2FNeupusti.net&el=snippet

0
0
1177

Осы тақырып бойынша

Жастар үні - Yvision.kz