Жастар - нашақорлыққа қарсы
📌ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ 📌Күні кеше облысымыздағы Полиция Департаментімен бірлесе отырып, қаладағы есірткі сайттары жарнамаланған суреттер, трафареттерді өшіруге шықтық. Бұл акцияға қалалық мәслихат депутаттары Есжанова Мира, Есен Үсен, облыстың волейболшысы Сапарғалиева Әлия, блогер Жақиянов Азамат және рухтастар қатысты. 📌Акцияның негізгі мақсаты - заңсыз жасалып жатқан есірткі жұмыстарын жарнамалау мәселесіне назар аударып, онымен күресу болып табылады. 📌Жастар - елдің негізгі қозғаушы күші, ел болашағы! Біз есірткісіз болашақты таңдаймыз!
