Жастар керуені ауылдық жастармен кездесті
Ағымдағы жылдың 28 қазанында «Ауылым алтын бесігім» атты керуен Мұнайлы ауданына қарасты Баянды, Маңғыстау ауылдарының жастарымен кездесті. Керуен құрамында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша қызметкері, жастар саясаты басқармасының өкілі, діни басқарма және тұрғын үй құрлыс банкінің өкілдері бар.
Керуеннің басты мақсаты ауыл жастарына жас мамандарға ауыл тұрғындарына «100 нақты қадам» ұлт жоспарын, жұмыспен қамту, өңірлерді дамыту сынды мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тетіктерін түсіндіру.
Департамент қызметкері А.Сванбаева ауыл жастарына және ауыл тұрғындарына жас мамандарға «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекет аппаратын құруға» негізделген мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мен мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруге бағытталған бірінші институционалдық реформа талаптарын түсіндіріп, 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясының тетіктерін айтып өтті.
Сөз соңында қатысушыларға Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының www.anticorruption-mangystau.kz ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

