Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар өңірдің табысты кәсіпкерлерімен кездесті

«Jas Otan» жастар қанаты Teach-In форматында қала кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Онлайн жиынға жасотандықтармен бірге Жұмысшы жастар кеңесінің белсенділері де қатысты.

- Қазақстанда «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және «Бизнестің даму жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары қарқынды жұмыс істеуде. Аталмыш бағдарламалардың аясында кәсіпкерлерге жеке ісін дамытуға бірдей мүмкінік беріліп отыр, — деді жиын қатысушысы Егяна Рустамова. — Жерлестеріміздің табысқа жету жолы туралы баяндамаларын тыңдап, шабыттандық. Екібастұздықтар «Бастау бизнес» бағдарламасына белсенді қатысады екен. Бұл — өз кәсібін бастауға үлкен мүмкіндік.

Тeach-In тыңдаушылары кәсіпкерлерге сұрақтарын қойып, ақыл-кеңес сұрады.

- Айтарлықтай табысқа әкелетін стартап табу, шыны керек, оңай шаруа емес, — деп жалғастырды Е.Рустамова. — Әсіресе, шынымен де халықтың көңілінен шығатын бизнес-идеялардың көбі жүзеге асырылғанын ескерсек, жаңашылдықпен көзге түсу қиынға соғатыны түсінікті. Бұл ретте жас кәсіпкерлерге бизнес жүргізуде тәжірибесі бар тәлімгер қажет-ақ. Онлайн кездесуге қатысқан қаламыздың шағын және орта бизнес өкілдері өздерінің жас буын үшін ментор болуға дайын екенін айтты. Бұл қуантарлық жайт.

0
0
198

Осы тақырып бойынша