Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар - елдің болашағы.

Мен де қоғамның бір мүшесі, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімнің жас жігерімді еліміздің дамуына арнасам деген арман-мақсатым бар. “Жас келсе - іске” демекші өз білімім мен қабілетімді ауданымыздың мәдени-әлеуметтік тұрғыдан дамуына жұмсағым келеді. Еліміздің басты байлығы - халық. Яғни, алдағы жоспарым халықпен бірлесе отыра, мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді пайдаланып халық қалауын, мұң- мұқтажын жоғары билік орындарына жеткізу; әлеуметтік мәселелердің шешілуіне әсер ету. Сонымен қатар қабілетті аудан жастарының кәсіби шыңдалуына жағдай жасау; кәсіпкерлікке қолдау көрсету; салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне көңіл бөлу; Сондай-ақ аудан тазалығы мәселелерінің шешілуіне өз ықпалымды тигізгім келеді. Қазіргі дағдарыс жағдайына қарамастан жаңа заман талабына сай жаңаша басқару шараларын іске асырып, еліміздің көркеюіне өз үлесімді қосуды азаматтық борышым деп білемін. Қорытындылай келе, өзім сияқты жаңашылдыққа ұмтылатын, ілім-білім үйренуге құштар жастарды біздерге сенім артып отырған ел үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етуге шақырамын!

Сүнбеков Бекжан Батырбекұлы - "Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы" ҚБ Алматы облысы филиалының басшысы, Қарасай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ киокушинкай-кан каратэ спорт түрінің аға-жаттықтырушысы.

0
0
223

Осы тақырып бойынша