Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастар ел болашағы» тақырыбында онлайн кездесу өтті

Бүгін «Жастар ел болашағы» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

Жастар арасында жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау мақсатында, еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімде, білгір жастардың қолында «Жастар ел болашағы» тақырыбында Шамалған ауылының жастарымен онлайн түрде кездесу өтті. Білімді жастарды жігерлендіретін дискуссия жургізілді. Онымен қоса, аталмыш шараға кітапхана қызметкерлері қатысып, қоғамның негізгі құндылығы жастар болса, олардын рухани құндылығын арттыратын кітап екенін тілге тиек етті. Жастар қоғамның бір бөлігі болса, әлемдік аренада жаңашыл бастамаларымен топ жаруы үшін үздік оқумен қатар белсенді студент болудан бөлек алға болашаққа нақты қадамдарымен дұрыс шешімдер қабылдауы үшін кітапты жанына серік ету ешқашан артық болмайды. Біз жастар еліміздің дамуында басты рөл атқарамыз.

0
0
148

Осы тақырып бойынша

«Жастар ел болашағы» тақырыбында онлайн кездесу өтті - Yvision.kz