Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі талқыланды

«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші елдің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру, өзін-өзі таныту үшін тең мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар туралы. Екінші «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жастарды, оның ішінде жыл сайын жазғы кезеңге кемінде 1,5 мың адамды жұмысқа орналастыру туралы. Үшінші «Жас маман» жобасы бойынша облыстың 10 колледжінде құзырет орталықтарын ашу. Жыл сайын 5 волонтерлік жобаны іске асыру арқылы волонтерлік қызмет желісін кеңейту сынды мәселелер қаралды.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаны іске асыру шеңберінде Жұмыспен қамту органдарына 8939 жас хабарласты, оның ішінде 8907 адам жұмысқа орналастырылды. Ауылдық жерлерде 4916 жас өтініш білдіріп, Бағдарламаға қатысушы болды, оның ішінде 4691 адам (жүгінгендердің 95%) жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына – 2560 жас орналасты. 2022 жылы бюджеттен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлесі кемінде 55% - ды құрайды деп болжануда»- дейді. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілі Т.Д. Савченко.

0
0
206

Осы тақырып бойынша

Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі талқыланды - Yvision.kz