"Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" мақсатында Skype арқылы жиын өтті
Бүгін, С.Жандосов атындағы техникалық колледж студенттері және аудандық мәслихат депутаты, «Даулет-Серпін 603» ЖШС директоры Ж.Донбаевтың қатысуымен "Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" мақсатында Skype арқылы жиын өтті.
Мақсаты білім беру ұйымдарында оқитын жастардың арасында құқық бұзушылықты, нашақорлықты және алкоголизмді алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде іс-шаралар өткізу. Осы міндеттері орындау барысында мынандай тапсырмалар қойылды:
1.Құқықты сауатты тұлға тәрбиелеу;
2.Заңды құрметтеу, оны сақтау; басқа адамдардың құқығын бұзбау;
3.Әр түрлі өмірдегі жағдайларда құқықтық жағынан дұрыс іс әрекетке бейімдеу;
4.Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы студенттер ойын айқындайтын әлеуметтік ролик жобасын құрастыру.
Жиын барысында негізгі 2 сұрақ бойынша әңгіме өрбіді: жастар арасында құқық бұзушылықтың шығуы және оны шешу жолдары.
Жиын барысында қатысушылар берілген тақырыпта қызу пікір талас жүргізді. Заңға қайшы әрекеттердің шығуы оны алдын алу, болдырмау тұрғысында жастар өз ойларын ортаға салды. Жиынға жастар ресурстық орталығы, жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, психология пәнінің мұғалімі, колледж студенттері қатысты.
