«Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрменкесі
2019 жылдың 29 наурызда Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрменкесі өткізілді.
Бұл шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Аталған шара қатысушыларына мемлекеттік қызметке кіру тәртібі түсіндіріліп, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметке қалай өтуге болады» тақырыбында флайерлер таратылды.
