Жасотандықтар съезге қатысатын делегаттарды сайлады
Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова, «Nur Otan» партияішілік праймериз жеңімпаздары, «Jas Otan» Жастар қанаты аумақтық бөлімше жетекшілері, серіктестері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарған жұмыстары бойынша есебі тындалып, «Jastar Otanga!» бағдарламасын талқыланды. Сонымен қатар конференция қатысушыларының дауыс беруі арқылы «Jas Otan» Жастар қанаты V сьезінің делегаттары сайланды.
Жиында сөз алған «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова : «Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Сондай-ақ, 21 индикатор,72 негізгі іс-шаралар кешінен тұратын «Jastar Otanga – 2025» облыстық жол картасы жастар мәселелерін толыққанды шешуге бағытталып отырғандығын жекізді. «Nur Otan» партиясы әркез жастарға көңіл бөліп келеді. Сіздерге артылып отырған сенім мен үмітте жоғары», - деп түйіндеді
