Жасанды Интеллект: дос немесе дұшпан?
Жасанды интеллект (ЖИ) көпшіліктің назарын аудартар бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі болып отыр. Билл Гейтстың сөзіне сенетін болсақ, барлық заманауи инновациялардың ішінде ЖИ адам өмірін жеңілдетуде үлкен әсерін тигізбек. Бұл жөнінде адамдардың ойы екі жаққа бөлінген. Бірі жасанды интеллект адамның өмір сүру деңгейіне оң әсерін тигізіп, жалпыға бірдей қолайлы жағдай жасайды десе, бірі бұл адамзатты құртады деген ойда.
Осыған байланысты ЖИ-тің қоғамға әкелген соңғы өзгерістерінен бірнеше мысалдарды қарастырып көруге болады.
Болашақта дәрігерлерді ЖИ алмастыруы мүмкін...
ЖИ-тің мүмкіндіктері қазіргі таңда медицина саласына да жол ашқан. Бүгінгі күні ЖИ ауруларды диагностикалауда кеңінен қолданылуда. Бұл саланың соңғы жетістіктерінің бірі Оксфорд емханасындағы ғалымдардың жүрек ауруын диагностикалауда ойлап тапқан жаңа жүйесі. Ол жүрек ауруын дәрігерлерден де тез, әрі нақты анықтайды екен. Ал, Гарвард Университетінде қандағы инфекцияны көретін “ақылды микроскоп” жасап шығарылған. Сонымен қатар, жасанды интеллект қатерлі ісік және жүрек ауруларының даму қаупін алдын ал анықтауға мүмкіндік беріп отыр (TheDailyMail). Мединица саласындағы осындай өзгерістер, түрлі аурулардың алдын алып, ауруды тез анықтауға мүмкіндік бермек.
Адамдардың робот-көмекшілері болады.
Google, Amazon және Microsoft секілді ірі компаниялар бүгінгі таңда үй қызметтерін атқаратын үй көмекшілерін ұсынады. Дыбыстық бақылау жүйесі арқылы олар жарық, желдеткіш немесе музыканы косып, өшіру секілді нұсқауларды орындап қана қоймай, сіздің күнделікті кестеңізді құрып, кептеліс туралы ақпаратты алдын ала хабарлай алады. Сонымен қатар, әлемде орын алып жатқан соңғы жаңалықтармен күнделікті таныстырып, тамақтану үшін сіздің талғамыңызға қарай жақын жерде орналасқан мейрамханалар туралы кеңес бере алады. Үй көмекшілері түрлі функцияларды қатар орындауға қабілетті болып қана қоймай, тұрақты негізде пайдаланушымен бірге бола алады. Мұндай үй ассистентер қолданушылардың уақытын үнемдеуде, жұмысын жеңілдетуде пайдалы болмақ. Алайда, бұл адамды тым еріншектікке, қоғамнан оқшаулануына әкелмейді ме деген де ой келеді...
1. Адамдардың жұмыс орындарын роботтар алмастыруда...
McKinseyдің жақында берген есебі бойынша, 2030 жылға қарай бүкіл әлем бойынша 400-ден 800 миллионға дейін жұмыс орындарының автоматтандырылуы салдарынан, адамдар өз жұмыс орындарын жоғалтуы мүмкін деп ескертеді. Бұл тізімнің алдыңды қатарында сатушылар, рецепционист және күзетшілер болмақ. Сонымен қатар, өзге зерттеулердің қорытындылары бойынша 2024 жылға қарай жасанды интеллекттің мүмкіндіктері аудармашылардың деңгейімен теңеседі деп болжам жасалса, 2026 жылға қарай ЖИ оқушылар үшін шығарма жазуға қабілетті болады деп болжанады. Ал, 2022 жылға қарай ЖИ адамның көмегінсіз жүк көлігін басқаруға қабілетті болады деп жорамал жасалған.
Автоматтандыру үрдісі қазірдің өзінде қарқын алып келеді және ірі компаниялар жұмыс орындарын босату мақсатында технологияларға көбірек инвестиция салып отыр (Forbes). Болашақта, ЖИ әкімшілік қызметкерлерді де ауыстырмақ. Бұл роботтардың тез әрекет етуімен және қаржы жағынан тиімді болуымен түсіндіріледі. Оларға демалудың қажеті етпейді және тәулігіне 24 сағат жұмыс істей алады.
Бұл құбылыс ірі компания, жеке кәсіп иегерлері үшін материалдық, өнімділік тұрғысынан пайдалы болмағымен, жаппай жұмыссыздану мәселесі қалай шешілмек?
4. Қалта достары ‒чатботтардың танымалдылығы артуда
Чатботтар көптеген кемшіліктерге қарамастан, кеңінен танымал болып келеді. Олар түрлі мақсатта дайындалуы мүмкін. Солардың бірі – қалта достары. Мұндай технологиялар әлі күнге дейін жетілдірілу үстінде. Соңғы шығарылған чатботтардың бірі Replika деп аталады. Оның мақсаты қолданушының ең жақсы досына айналып, жақын қарым қатынас қалыптастырып,іс әрекеттерін зерттеу арқылы адамның көңіл-күйін әрдайым жақсартуға барынша көмектесуге тырысады.
Дегенмен де, бүгінгі таңда бұл ботпен әңгімелесу шынайы адаммен сөйлескендей болмайды. Алайда, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері жаңа деңгейге жеткен кезде, оның адамды алмастыра алатын қабілетке жететін күнінің ауылы алыс емес секілді.
Адамдардың чатботтармен тілдесіп, олармен дос болуы, болашақта адамдардың тек виртуалды өмірмен өмір сүріп, шынайы өмірден оқшауланып қалмай ма деген қорқыныш үрей тудырады.
5. Жасанды интеллект музыка мен кітаптар жазатын болады.
Жасанды интеллекттің соңғы жетістіктерінің бірі, ол адамның қалауына байланысты жеке кітап немесе музыка жазуда көмек бере алады. Жақында осы бағыттағы жобаны басқаратын медициналық компанияның хабарлауы бойынша, ЖИ көмегімен емдік әсері бар бесік жыры жазылған. Компания жеке сайтында бесік жырының екі нұсқасын сынауды ұсынған: біреуі толық жасанды интеллекттің көмегімен жазылған болса, екіншісі кәсіби музыканттармен жазылған. Сынақ нәтижесі бойынша, ЖИ арқылы жазылған бесік жыры адамның ұйқыға кетуіне оң әсерін тигізетіндігі дәлелденген.
Сонымен қатар, блэк-металл жанрындағы танымал орындаушылардың композицияларын талдау арқылы, ЖИ бес композициядан тұратын өз альбомын жазып шығарды.
Жасанды интеллекттің айтылып өткен перспективалы әлеуетіне қарамастан, ғалымдардың ЖИ туралы ойы екі лагерьге бөлінді: біреуі оның пайдасына сенімді болса, басқалары оның адамзатты жоюға қабілетті екенін ескертеді.
ЖИ қоғамға, адамзатқа әкелген өзгерісерін талдай отыра, әр пайдасы мен зияны жөнінде қорытынды жасауды оқырманға қалдырдым.
Заманауи технологияның ұсынып отырған мүмкіндіктерін дұрыс және орынды пайдаланып, адамзатқа тигізер зиянынан аулақ болып, алдын алу адамзаттың өз қолында деп санаймын.
