Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жасампаздыққа толы жылдар!»

Тоқболат ЖАЙНАҚОВ, 66 жас: «Ең бастысы-командадағы өз орнын білу. Ұжымда өз орныңды тапқаныңды түсінген кезде жұмыс істеу жеңілдейді. Бүкіл команда біртұтас механизм ретінде жұмыс істеуі керек» Қызмет саласы: спорт Қызмет орны: Аққулы ауданының Қазы ауылы, Павлодар ауданының Заря ауылы 1991 жылдағы мәртебесі: Павлодар ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің меңгерушісі Еңбек жолы: 1976-1978 жылдар аралығында Аққулы ауданының Қазы мектебінде, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1978 жылы Шарбақты мектебіне ауысты. 1980 жылы Павлодар ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне волейболдан жаттықтырушы ретінде қабылданды. 1996-2004 жылдары аралығында спорт мектебінің директоры болып жұмыс істеді. 2004-2019 жылдары Заря мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі ретінде қызмет атқарды. Қазіргі таңда спорт мектебінің жаттықтырушысы қызметінде. Жалпы еңбек өтілі - 45 жыл, оның ішінде Павлодар ауданында – 40 жыл Жеке жетістіктері: 1. "ҚР Білім беру ісінің үздігі", 1999 ж. 2. ҚР Президентінің алғыс хаты, 2001 ж. 3. ОЖФО құрмет грамотасы, 2005 ж. 4. Павлодар облысының білім беру департаменті директорының Құрмет грамотасы, 2008 ж. 5. ҚР Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары, 2006 ж., 2009 ж. 6. Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы, 2010 ж. 7. "Павлодар облысына 75 жыл" медалі, 2013 ж. 8. Павлодар облыстық Ауғанстан ардагерлері одағының "ардагерлер қозғалысына көмектескені және жәрдем көрсеткені үшін" медалі, 2010, 2014 ж. 9. «Павлодар ауданына 90 жыл» медалі, 2018 ж. 10. Павлодар ауданының Құрметті азаматы. Қоғамдық қызметі: Жыл сайын Заря ауылдық округі ауылдарының арасында футбол және волейбол жарыстарының ұйымдастырушысы, демеуші. Облыстық спорт ардагерлерінің белді мүшесі.

0
0
278

Осы тақырып бойынша

«Жасампаздыққа толы жылдар!» - Yvision.kz