«Жасампаздыққа толы жылдар!»
Төлеужан Солтанбеққызы Баизбаева, 60 жас Қызмет саласы: білім беру Қызмет орны: Аққулы ауданының Майқарағай а., Павлодар ауданының Кемеңгер а.. 1991 жылдағы мәртебесі: Аққулы ауданының Майқарағай мектебінің, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Еңбек жолы: 1978-1995 жылдар аралығында Аққулы ауданының Майқарағай мектебінде, орыс тілі және әдебиет мұғалімі, одан әрі оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1995 жылдан бастап Кемеңгер мектебінде орыс тілі мен әдебиет мұғалімі болып жұмыс істеді. 1996 жылы аталған мектепте оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары. 2011 жылдан бастап Кемеңгер мектебінде мектеп директоры болып жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі - 42 жыл. Осы ұжымдағы еңбек өтілі - 25 жыл. Еңбектегі жетістіктері: Кемеңгер мектебі - білім беру саласындағы көшбасшы. Оның жетекшілігімен Кемеңгер мектебі бірнеше жыл қатарынан ҰБТ-ге дайындық кезінде жоғары жетістік көрсетіп, мектеп түлектері жыл сайын білім гранттарына ие болды. 2011 жылдан бері 135 түлек бітірді. 2011 жылы және 2020 жылы 2 «Алтын белгі» иегерлері бар. Мектеп мұғалімдері 2018 жылы Республикалық авторлық бағдарламалар сайысында 1 орынға, 2019 жылы осы сайыста 3 орынға ие болды. Мектеп оқушылары 2019 жылы «Зерде» ғылыми жобалар сайысында облыстық кезеңде 3, 1 орын иеленсе, республикалық кезеңде 2 орынға ие болды. Мектептің 7 түлегі оқу орындарын аяқтап, өздері қанаттанған мектептерінде жұмыс істеуде. 2011-2020 жылдар аралығында мектептің 12 мұғалімі мемлекеттік бағдарлама арқылы өз үйлеріне ие болды. Толеужан Солтанбековнаның басшылығымен 2017 жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жасалса, 2019 жылы қорғаған жобасының нәтижесінде Кемеңгер ауылында 1-4 сыныптарға арналған бастауыш мектеп ғимаратына реконструкция жасалып балалар игілігіне берілуде. Жеке жетістіктері: 2014 жылы Павлодар облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы ҚР БҒМ Алғыс хатпен және Құрмет грамотасымен, 2020 жылы ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапаатталды. Қоғамдық қызметі: Бірнеше жыл бойы Кемеңгер ауылының учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы болды.
