ЖАС ТҮЛЕК НАЗАРЫНА! Әл Фараби атындағы ҚазҰУ арманыңа жетелейді
Шығыстың атақты философы Әбу Насыр әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады.
1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ әлемдік білім беру жүйесінде өз ұстанымын әрдайым кемелдендіріп келеді. Университет жалпы даму бағыты халықаралық білім беру стандарты бойынша қабылданған университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие.1934 жылы еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. Бүгінде университет құрамында 16 факультет, жаратылыстану саласындағы 8 ғылыми зерттеу институты, әлеуметтік гуманитарлық саласындағы 29 орталықтар мен институттар, инженерлік және жаңа технологиялар кластері, 4 мұражай, 67 кафедра, 54 кафедра филиалы, 85 шаруашылық есептегі орталықтар бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген.
Қазақстанның жəне Орталық Азия мемлекеттерінің ішіндегі ең үздік оқу орны – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Болон үрдісіне енуі аталмыш білім ордасын тамамдаған студенттерге Болон Хартиясына мүше елдің кез-келгенінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Университеттегі «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы 1988 жылдан бастап маман даярлаудағы жетекші кафедра. Ширек ғасырдан астам уақыттан бері психология бөлімінің студенттерін кәсіби даярлау, сонымен қатар психологтардың жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура) ғылыми-зерттеушілік тұрғыда даярлықты қамтамасыз етіп келеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әлемнің жетекші университеттерінен кәсіби білім алған PhD докторлар мен, психология ғылымдарының кандидаттарынан құралған.
«Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы ҚР Жоғарғы оқу орындарының тәуелсіз рейтингісінде психолог мамандарды даярлау бойынша І орынға ие.
