Жасөспірімдер және ауыл тұрғындарының арасында футбол ойынынан аудандық турнир өткізілді.
барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеясының айналасына біріктіру мақсатында партияның «Ұлттық мұра» партиялық жобасы бастау алды. Жобаның басты мақсаты – ұлттық мәдениетімізді, өнерімізді және дәстүрімізді дәріптеу арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарымызды дамыту.Осы жоба аясында "Алмалы" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жасөспірімдер және ауыл тұрғындарының арасында спорт алаңында футбол ойынынан аудандық турнир өткізілді.
