Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жас Отан» ЖҚ кубогі үшін биатлоннан аудандық жарыс

«Жас Отан» Жастар қанатының «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында Теректі ауданы Федоровка ауылында «Іс үшін-За дело» ЖҚБ мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен «Жас Отан» ЖҚ кубогі үшін биатлоннан аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа 35 спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Жастар арасында ІІІ орынды Бабенов Талғат (Ақсуат с/о), ІІ орынды Қайырғалиев Аманжол (Ұзынкөл с/о), ал І орынды Дуйсенгалиев Нурболат (Ақсуат с/о) иеленді.

Жасөспірімдер арасында ІІІ орынды Мусин Оралбек пен Митрясов Кирил иеленсе, ІІ орынға Мусабаев Азат тұрақтады. Ал, І орын Кадыров Романға бұйырды. Қыздар арасында ІІІ орынды Морозова Екатерина, ІІ орынды Качехина Ксения, ал І орынды Бондарь Анжела иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік мерген» аталымы бойынша ерлер арасында Жұмабаев Замир, қыздар арасында Баешева Ранида марапатталды. Жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орынға Ақсоғым селолық округі ие болса, ІІ орын Ұзынкөл селолық округіне бұйырды. Ал, І орын мен «Жас Отан» Жастар қанатының кубогі Ақсуат селолық округі спортшыларының қанжығасында кетті.

 

3
0
644

Осы тақырып бойынша