«Жас Отан» — болашақ саясаткерлер үшін мектеп
«Жас Отан» - болашақ саясаткерлер үшін мектеп деп айтқан болатын елбасы. Осы идеяны жүзеге асыруда «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы ауқымды қызметтер атқаруда. Мұның дәлелі осымен алтыншы жыл қатарынан «Жас саясаткелер» мектебі өзінің қатарын толтыруда. «Жас саясаткерлер» мектебі «Жас Отан» ЖҚ ішкі активін дамыту мақсатында, сондай- ақ «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыратын және өткізетін іс- шараларға қатысуын, жобаларды сапалы жүзеге асырудың жүйелі түрде қызмет атқарып келеді. Осы орайда бүгін «Жас саясаткелер» мектебінің бір жылдық оқыту курсын аяқтаған белсенді жастарға сертификаттармен, алғыс хат табыс етілді. «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ атқарушы хатшысы Дархан Қаныбекұлы қорытынды сөзінде жастарға алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар биыл «Жас саясаткелер» мектебінің жетінші буынына 20-21 ақпаннан аралығында қабылдау болатындығын жеткізді.




