Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жас Ұлан» қатарына қабылданды

«Жас Ұлан» қатарына қабылданды

Пресс-служба ЦК КНПК

«Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына 20 жұлдызды күнінің» біріне еліміздің барлық қалаларында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына білімдерімен ерекшеленген және қоғамдық шараларға белсенділік танытқан бірнеше ондаған мың оқушыларды қабылдау өтті.

Бүкіл Республикадағыдай Екібастұзда да жаңа қозғалыс өз бастауын алды. Жас ұландықтар қатарына ең лайықты деген балалар қабылданды. Олардың арасында облыстық, республикалық және халықаралық өнер конкурстары мен спорт жарыстары жеңімпаздары, оқушылар олимпиадалары жүлдегерлері бар.

Галстукті тағу мен төсбелгіні қадау – бірыңғай республикалық ұйымға қатыстылықтың белгілерін тапсыру қадірлі қонақтарға: әкімдік өкілдеріне, қала қалаушы кәсіпорын басшыларына, білім және мәдениет жұмыскерлеріне ұсынылды.

Осы естелік күні жас патриоттар өз туған жерін сүюге және құрметтеуге, үлкендерге құрмет көрсету, білімге ұмтылуға, салауатты өмір салтын сақтауға, табиғатты сақтауға ант берді және осы антты ешқашан бұзбауға ант берді, сонымен қатар достарының осы антты бұзбауын қадағалауға сөз берді.

Шараның соңында қалалық балалар және жасөспірімдер ұйымының президенті Айжан Темірбекова және Республикалық Махамбет оқуларының жүлдегері Қайрат Қуаныш «Қазақстан балаларына -2030» үндеу-хатын оқып берді. Осыдан кейін хатты «уақыт капсуласына» салып, балалар әкімдік өкілдеріне тапсырды. Енді «уақыт капсуласы» қалалық тарихи-өлкетану мұражайға сақтауға тапсырылды.

Екібастұз қалалық баспасөз орталығы

0
0
873

Осы тақырып бойынша

«Жас Ұлан» қатарына қабылданды - Yvision.kz