"Жас Кәсіпкер"бағдарламасы аясында жылына кемінде 10 грант бөлінеді.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Урумбасаров Берик «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Бесқұдық ауылының жастармен онлайн транцляциясы арқылы кездесу барысында Жастар - ел болашағы. Жаңа ұрпақ біздің еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналуы керек.
«Nur Otan» партиясы және оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз - мемлекеттік органдармен бірлесіп жастарды жұмыспен қамту, олардың шығармашылық әлеуетін, дамуын жүзеге асыруға жағдай жасау. Ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
-2025 жылға дейін жыл сайын жаңа жұмыс орындарына 100 жастан орналастыру.
-“Жасыл ел” еңбек топтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге кемінде 400 жасты жұмысқа орналастыру;
- Көпсалалы колледж базасында жаңа заманауи қажеттілігі бар мамандықтар ашуға;
- Қобда, Әлия,Талдысай ауылдарындағы “Coworking center” қызметі арқылы жастардың шығармашылығын және өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;
“Жас Кәсіпкер” бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін жылына кемінде 10 грант бөлу;
- Барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысының дамыту осы аталағандар аймақтық даму бағадрламасына енгізілді және толық орындалуына ат салысамыз,- деп өз сөзін қорытындылады.

