"Жас-Ай" ұжымымен онлайн кездесу
Күні кеше «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалы ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" партиялық жобасының жүзеге асырылу барысын талқылау бойынша «Алматы» аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары "Жас-Ай" ұжымымен онлайн кездесу өткізді. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында кеңес беру мәселелері бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету. Жобаның негізгі мақсаты - қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Аталған мақсатқа жетудің үш жолы анықталып отыр. Соның бәрі кезең-кезеңімен іске асырылады. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың отбасыларды қолдауға арналған барлық жобалары мен партия филиалдарының шаралары «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында топтастырылатын болады. Іс-шараға «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы, Халықаралық медицина «Жас-Ай» орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, академик, профессор, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жасан Зекейұлы және де медицина «Жас-Ай» орталығының ұжымы қатысып өз пікірлерін білдірді.
