«Жас ғалым» жобасы аясында байқау өтті




Сайысқа қатысқандар қатарында төмендегі колледждерден командалар қатысты. Әр командада 4 студент, 1 жетекші қатысты.
Олар:
1. Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі
2. Атырау политехникалық колледжі
3. Атырау аграрлы-техникалық колледжі
4. Атырау энергетика және құрылыс колледжі
5. Атырау индустриалды колледжі
6. АРЕС Petrotechnic колледжі



Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. Кіріспе бөлімінде әр команда өз оқу орнын, ондағы студенттердің ғылымға деген қызығушылығы мен қызметі туралы баяндады. Негізгі бөлім - Эксперимент алаңы деп аталды. Мұнда қатысушы командалар лабораторияларда дайындаған зерттеу-тәжірибелерін көрсетті.

Сайыстың қорытындысы бойынша:
1. Атырау политехникалық колледжі - Гран-при
2. Атырау аграрлы-техникалық колледжі – 1 орын
3. Атырау энергетика және құрылыс колледжі 2 - орын
4. Колледж АРЕС Petrotechnic – 2 орын
5. Атырау индустриалды колледжі - 3 орын
6. Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі - 3 орын иеленді.

«Тарлан-Атырау» ҚБ атынан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ белсенді қатысушылар арнаы алғыс хаттармен марапатталды. «Жас ғалым» жобасының келесі кезеңі фотобайқау деп аталады. Осы байқауға қатысқан командалар өздерінің эксперимент алаңында түсірген фотосуреттерін ұйымдастыру алқасына ұсынады. Сәуір айының соңында фотобайқау жеңімпаздары қосымша анықталатын болады.

