Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жарықдиодты жарықтандыру өндірушісіне техникалық реттеу саласындағы заңнамасы түсіндірілді

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлері 2018 жылдың 7 қыркүйегінде «КазТехникс» ЖШС-де техникалық реттеу және метрология саласына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпорынды аралаудың негізгі мақсаты техникалық реттеу және метрология саласында Қазақстан Республикасының заңнамалары және нормативтік құжаттарының талаптарын түсіндіру арқылы өнімді өндіру алдында проблемалық сұрақтарды анықтау болды.

Кәсіпорынды аралау кезінде департамент қызметкерлері мен техникалық реттеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ мемлекеттік стандарттау жұмыстарының бағыты, халықаралық менеджмент жүйесі, нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай Фонды және өнімдер мен қызметтер бойынша сәйкестікті растау процестері, кәсіпорындағы өлшем құралдарына қатысты метрологиялық талаптар, өнімдерді каталогтау жүйесі туралы ақпараттар берілді.

Жарық техникасы және металл құрастырылым Атбасар зауыты «КазТехникс» ЖШС – қазақстандық жарық диодты жарықтандыру өндірушісі. Өндірістік база Атбасар қаласында орналасқан, мұнда жоғары автоматтандырылған жабдықтардың үлкен паркі бар, бұл тек жарықдиодты шамдарды ғана емес, әртүрлі металл конструкцияларын шығаруға мүмкіндік береді (металл жиһаз, электр тақталары, есіктер, қатты отын қазандықтары және тағы басқалар).

Кәсіпорынды аралау барысында департамент қызметкерлері техникалық реттеу, метрология саласының нормативтік құжаттар талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар беріп, осы салаға қатысты бұдан әрі де өзара қарым-қатынас және заңнамалар талаптары бойынша мәселелерге түсіндірмелер беру бағытында уағдаластық жасалды.

0
0
539

Осы тақырып бойынша

Жарықдиодты жарықтандыру өндірушісіне техникалық реттеу саласындағы заңнамасы түсіндірілді - Yvision.kz