Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жартыжылдық жұмыс қорытындысы

30 шілде күні «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының алғашқы жартыжылдық қорытынды отырысын өткіздік. Партияның жыл басынан атқарған барлық бағытындағы ауқымды жұмыстары сараланып, әр жобасы, жұмысшы органдары, ішкі партиялық қызметтеріне талдау жасалып, аумақтық филиалдарының қызметі бойынша есептер берілді.

Облыстық партия филиалының алты айдағы анализіне сәйкес: аумақтық партия филиалдарында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Конференция – 37, Саяси кеңес отырысы – 27, Саяси кеңес бюро отырыс – 103, депутаттық фракция отырысы - 64 өткізілді, отырыстар барысында 248 ұсынымдар беріліп, ұсынымдар орындалуда.

Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 389, «Бақытты отбасы» жобасы аясында 291, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 239, «Ұлттық мұра» жобасы аясында 192 шара өтті. 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында әлеуметтік желілермен барлық филиалдар белсенді жұмыс атқарып, нәтижесінде «Фейсбук» желісіне – 463, «Инстаграм» желісіне – 1860, «Ювижн» желісіне - 854, басқа әлеуметтік желілерде – 1 918 посттар жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің 109 отырысы өткізіліп, 413 ұсыным беріліп, оның 308-і орындалса, партиялық бақылау комиссияларының 117 отырысында 349 ұсыным беріліп, оның 216-сы бүгінгі күні орындалған. Алғашқы жартыжылдықта Алматы облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне 5 894 өтініш тіркеліп, 3 298 (56%) өтініш оң шешімін тапса, 2 596 (44%) өтініш бойынша кеңестер берілген.

Жиын қорытындысы бойынша барлық аумақтық партия филиалдарының жауапты қызметкерлеріне хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуына ерекше мән беру тапсырылды.

Қорытынды жиында сондай-ақ жыл басынан қызметін белсенді атқарып, жұмысына ерекше жауапкершілікпен қараған бірқатар аудан, қалалық белсенді партия қызметкерлері және үздік аумақтық филиалдар алғыс хаттармен марапатталды.

0
0
207

Осы тақырып бойынша

Жартыжылдық жұмыс қорытындысы - Yvision.kz