«Жарма тасжолы» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
Жарма аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Қалбатау ауылындағы «Жарма тасжолы» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Жол құрылысы саласында өзіндік орыны бар серіктестік аудан аумағындағы маңызды бірқатар жобаларды жүзеге асырып, тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын. Екі жақты пікіралмасқан кездесуде еңбек ұжымына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, бірқатар ұсыныс-тілектер тыңдалды. Жалпы еңбекшілер ұжымы болашақтарын уақытпен дәлелденген, халық пен атқарушы билік арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясымен байланыстырғылары келетіндіктерін жеткізді. Сөздері дәлелді болуы үшін, қаңтар айында өтетін сайлауға бір кісідей қатысып, қолдау көрсетуге әзір екендіктерін айтты.
