Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жарқырар сәт туды

«Жасыңды көрсет – болашағыңды айтайын» деген бар. Біздің жасымызда талай Алаш арыстары жасындай жарқыраған. Солардың ізбасары ретінде бізге неге жалынсыз болу керек? «Nur Otan» партиясы ұйымдастырып жатқан партияішілік іріктеуге қатысу арқылы көшбасшылық қасиетімізді айшықтар сәт туды. Праймериз – білігі мен білімі асқан, жалыны мен жарқылы бар нағыз көшбасшыларды анықтайды. Әрбір азамат еліміздің білім беру жолының, мәдениетінің және әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың салт- дәстүрін, әдет - ғұрыптарын сақтай отырып, түрлі бағыттағы жаңа технологияларды меңгеріп, мемлекетіміздің басқа елдерден қалмай, заман ағымына сәйкес қарыштап дамуына үлес қосары анық. Ел азаматтарын саяси додада дұрыс таңдау жасап, партия көшбасшысын анықтауға бір кісідей қатысуға шақырамын. Мен де праймеризге қатысамын. Айдана ҚАСЫМОВА, Қайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Жарқырар сәт туды - Yvision.kz