Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаппай тал отырғызу немесе posadiderevo.kz қоғамдық бірлестігінің Алма Қала акциясы

 

Алматы қаласы бойнша жасыл киім киген адамдар көшет отығызып жүргенін  байқаған боларсыздар? Бұл кісілер posadiderevo.kz акциясы аясында, қалада волонтерлерді жинап, табиғатқа өз пайдасын тигізіп жүрген жайы бар.

Мен өзім кішкене зерттеу жүргізу арқылы, сіздерге бұл акция жайлы толығырақ айтып өтейн. Мұның бәрі 2010 жылы Дәурен Жолдыбаевтың posadiderevo.kz сайтын ашудан басталды. Онда волонтерлар жиналып, өздері қала бойынша көшет отырғыза бастайды. Сол уақытта Алматы әкімшілігі байқап, көмек  ретінде отырғызуға орын боле бастады. 2013 жылы бұл жоба бүкіл қаланы қамтыды. Сонда ұйымдастырушылыр басқа қалаларды қамтуды ойлады. Сөйтіп, posadiderevo.kz қоғамдық бірлістіктен Республикалық қоғамдық бірлестікке ауыстырылды. Қазіргі таңда дәл осындай шаралар Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларында жұмыс жасауда.

Даурен мырзаның айтуынша: «Талдар кімге пайдасын көрсететінін таңдамайды сондықтан адамдар да тал отырғызу арқылы бір бірінің қамын жасайды. Біздің ең басты мақсатымыз адамдардың басын қосып, халық арасындағы бірлікті нығайту. Ол бірлікті ұрпақтан ұрпаққа қалыптастыру».

Мен волонтер ретінде бұл жобаның бір іш шарасына қатыстым. Онда Beeline компаниясының және Сбербанк банкінің қызметкерлері жиналған. Сондай қызметкерлердің бірі Beeline компаниясының менеджері Руслан Аюпбергенов: «Маған өте ұнады. Алда осындай шаралар көптеп ұйымдастырылып тұрса екен»,- деген ойымен бөлісті. Мұнда тек компания қызметкерлері ғана емес, волонтер-студенттер де бар. Оның бірі posadiderevo.kz сайтына волонтер ретінде тіркелген, әр іс шараға келіп тұратын Бақытжан Қеңес: «Мұнда адамдар тек көшет отырғызуға емес, бір бірімен көрісіп, позитивті көңіл күймен бөліседі»,- деді ол. Бұл акция аясында 4 жыл ішінде көп компания, банк және жеке кәсіпкерлер жұмылдырылды.

 

Posadiderevo.kz сайтының жобаларының соңы бүл емес. 2011 жылы «СМС дерево» жобасы өз бастамасын алды. Қазіргі таңда Beeline және Kcell компанияларымен келісіп, смспен  100 тенге жіберу арқылы ар адам өз үлесін қоса алады. Мұндай қызмет арқылы уақыты тапшы адамдар табиғатқа өз пайдасын тигізе алады. «Жылда бір рет 40-60 көшет отырғызуға смстерден түскен қаражат жетіп отырады»,- дейді ұйымдастырушы.

Алдағы жоспарлары жайында сұрағанымда, олардың көп екенін айтып өтті. Олар:

  1. 3 мамыр күні «Яркокросс» атты марафон өтеді. Ондағы басты мақсат бірінші жету емес, түрлі түсті болып жету. Марафон басталған уақытта қатысушылардың үстінен бояулар себіледі. Ақ футболка киген қатысушылар себілген бояу арқылы жүлделі орын иеленеді.  Марафон Mega сауда орталығының алаңында отеді.

2.Алдағы уақытта филиалдарды Орал, Қызылорда, Ақтөбе ашып, ондағы қызметкерледі бір апталық курстарға Алматыға алып келіп оқыту. Бұл семинарларда бизнес секторлармен, әкімшілікпен жұмыс жасау, қаржыландыру ісі, ақпарат беру ісі жайында мағлұмат бермек.

3.Астана қаласында бастау алған жобаны Алматыда да жүзеге асыру ойы. Бұл жоба қуат үнемдейтін шамдар мен батареяларды лактыратын контейнерлерді қала бойынша орналастыру. Бір батарея 20 шаршы метрді улайды, сондықтан контейнерлердің табиғатымызға берер пайдасы мол.

Осындай ауқымды жобаларымен халық арасында танылып жатқан ұйымдастырушылырға алдағы істеріне сәттілік тілейміз! Ал мен болсам, халықты осындай жобаларға көптеп қатысып тұруға шақырамын.

 
0
0
3196

Осы тақырып бойынша

Жаппай тал отырғызу немесе posadiderevo.kz қоғамдық бірлестігінің Алма Қала акциясы - Yvision.kz