Жапония сырттан әкелінетін азық-түлікке мұқтаж

Каваи Казунари, фермер: - Үнемі күйзелісте жүрдім. Оның үстіне жұмыста тұрақтылық жоқ. Әйелім екеуміз тапқан табысымыз күнкөріске жетпейді. Бар ақша үй жалдау мен тамаққа кетеді. Сол себепті жеміс-жидек пен көкөністі өсіріп, нәпақа табайын деп шештім. Қазір дастархандағы бар тамақ бау-бақшадан алынып, отбасының шығыны азайды. Каваи өнімдерін сатып, қосымша табыс табуда. Бірақ әр жылдағы өнім көлемі ауа райына тікелей тәуелді. Оның өнімдері базардағы бағаға қарағанда қымбаттау.
Каваи Казунари, фермер: - Мен ешқандай химикат қоспай, техника пайдаланбай жер өңдеумен айналысқым келеді. Қазір көптеген фермерлер жасанды тұқымдар қолданады. Ал мен қолайсыз ауа райына төтеп бере алатын және жергілікті топыраққа бейім тұқым түрін табуды алдыма міндет етіп отырмын. Каваидің өнімдерін дүкендер қабылдамайды. Себебі арнайы лицензия керек, сондай-ақ өсімдіктердің түрі мен көлемі міндетті стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Сондықтан ол жеміс-жидек пен көкөністерін әлеуметтік желілер арқылы сатады.
Каваи Казунари, фермер: - Мемлекеттен қаржы алмаймын. Ол қарызды өтеу үшін маған сапа үшін емес, сан үшін жұмыс істеу керек болады. Уақыт өте табиғи тағамдар жасанды тамақ түрлерін сөреден ығыстырады деп сенемін. Каваи өсімдік шаруашылығындағы гендік өзгеріске ұшыраған тағамдардың көптігі денсаулыққа зиян деп отыр.
Авторлары: Нұрболат Туысбайұлы, Ернат Қашқынов, Әйгерім Уразалиева
"24 KZ" - тәулік бойы ақпарат тарататын арнадан алынған. Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде белсенді гиперсілтеме берілуі керек.
Видео осында: http://youtu.be/GbjSe5rK_IA
