Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаныңда жүр жақсы адам

Біздер үшін Ең жақсы адамдар олар ата-ана, ал, жақсы адамдар –достарымыз. Ең алдымен ДОС деген кім, оның адам өміріне тигізер пайдасы мен зияны не?  Әр адам өз ішінде дос деген сөзге әрқилы түсінік береді. Дос - сіздің өміріңізді, мінез-құлқыңызды, сөйлеу мәнеріңізді, кейде жүріс тұрысыңызды өзгерткен немесе өзгертетін адам, ұлы тұлға. Ұлы? Ұлы дейтіндей ғажайып жүние жасаған жоқ қой деген ойлар тууы әбден мүмкін. Мұндай пікірдің себебі, ол адаммен сіз танысқан күннен бастап, магнит секілді бір-біріңізден әртүрлі қасиеттерді, сөздерді, қимылдарды тарта бастайсыздар. Ол адамның кемдегенде бір ісі, бір сөзі есіңізде қалады. (Ал олай болмаса сіз одан достық ниетті көре алмағандығыңыз) Ол адаммен сөйлесе, жақын араласа келе сіз ол туралы, ол сіз туралы көп нәрсе біле бастайсыздар, онымен керемет, ең жақын дос болсаңыздар да бір күні ренжісіп қаласыздар. Осы жағдайдың орындалуы 99,9%. Міне осы кезде ғана, өз-өзіңізге ол туралы шынайы пікірлерді білдіре бастайсыздар. Ренжісу арқылы сіздер бір-бірлеріңіздің қадірлеріңізді түсінесіздер, ол адамсыз өміріңіз қандай болатынын білесіздер. Онсыз сіз қолыңыздан айырылғандай боласыз. Бірақ кейбір достармен ренжісіп, қайта достаспағандарыңызға қуанатын мезеттерде болады (Әрине белгілі бір себептерден).  Осыдан кейін ол адамдарды қалайша ұлы тұлға деп айтпасқа?! Ол деген сіздің өміріңізде жаңалық ашты емеспе? Иә, біз оны тіптен өмірлік ұстаз деп атасақ та болады. Көбісі өмірлік ұстазды ата-ана деп ойлайды бірақ, менің ойымша ол-Дос. Өйткені, ХХІ ғасырда бала мен ата-ананың ара қашықтығы алшақтады! Әркімнің өз уайымы көбейді. Баланы үйде емес, садикке, мектепке, қосымшаға жіберуге тырысып, отбасы болып тек дастарханға кешкі ас ішуге ғана жиналады. Одан кейін қайтадан әркім өз бөлмесінде. Сен кейде үйде сөйлесетін адам таппайсың, анаң телефонмен, әкең жұмысымен. Ал осы кезде сенің ішкі маңызды, болмашы жағдайларыңды айтып диалог құратын адам таппайсың! Ойланып көріңіздерші осы айда ата-анаңызбен неше рет және досыңызбен неше рет шынайы әңгіме құрдыңыз? (Мен келдім, қалайсыңдар, мен кеттім деген әңгімеге жатпайды)

Дос саған шындықты, артық кеткен жеріңді, өзіңді көрсете алмай қалған жеріңді айқын айтып бере салатын адам. Ал ата-анамыз бізді қатты жақсы көреді және олар бұндай шындықты көбіне бізге айта бермейді. Біз бұндай сөздерді ата-анамыздан естісек ренжуіміз мүмкін, ал, досымыздан шындықты естіп шыңдала түсеміз.     Достың бәрін жамандайда жақтайда алмаймыз бірақ өз басым «дос деген  қиналғанда да, қуанғанда да  қасыңнан табылады» - дегенге көп сене бермеймін. Себебі, біз өзімізді алдауға үйретіп қалғанбыз. Досты түріне, жағдайына қарап таңдау өмірдегі ең үлкен қателік деп есептеймін. Біз осы дос арқылы өзімізді жөнге келтіріп, өмірден алған сабақтарымызды ескере отырып, үлкен белестерге жетеміз. Ең бастысы жанымызда жүрген жақсы адамдарымызды бағалай білейік, сыйлайық!!!

"Көшбасшылар" клубының мүшесі,

Мұстафа Назерке

 

4
0
4013

Осы тақырып бойынша

Жаныңда жүр жақсы адам - Yvision.kz