Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жануарлар Құқықтары

Құқыққа лайықпыз ба?

Жан-жануарлар дүниесі қоршаған ортаның негізгі құрамды бөліктерінің бірі. Фауналы табиғат еліміздің табиғи байлықтарының маңызды әрі еліміздің табиғи ресурстарының қажетті құрамдас бөлігі саналады. Жалпы жануарлар дүниесі қоғамда экологиялық, экономикалық әлеуметтік және көптеген басқа қажетті мүдделіліктердің орнын толтырады.Еліміз аң-құстар әлеміне бай өлке екендігі бәрімзге мәлім. Жүгірген аңы мен ұшқан құсының сан алуан түрі тау-тасымыз бен орманымызда көптеп кездеседі.Әсіресе, ол арнайы қорғауға алынған аймақтарда молынан ұшырасады. Жан-жануарларды қорғау жөніндегі заңнамалардың бірі Қазақстан Республикасының 2004 жылғы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы құқықтық нормалары еспетеледі. Аталған құқықтық актіде фауналы табиғаттың қоғам үшін экономикалық қажеттілік мүмкіндіктерін қанағаттандырудан бұрын, табиғат үшін экологиялық мүдделілік жағдайлары басым негізде қаралған. Яғни, жануарлар дүниесін пайдалану құқығы беріле отырып, оның құқықтық қорғалу міндеті де назардан тыс қалмайтындығы заңды тәртіппен нормаланған. Дей тұрсақ та, экономикалық мағынасы бойынша қоғамда жануарлар дүниесі аң терісі және ет өнімінің құндылығы, техникалық., өнеркәсіптік, емдік шикізат пен басқа да материалдық құндылықтарды алу үшін жұмыс істейтін маңызды табиғи ресурс ретінде танылады.

Кез келген мемлекетте жануарларды пайдаланудағы қызуғышылық олардың экономикалық, экологиялық жіне мідени-ғылымдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделеді. Тіпті адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек табиғаттан мүмкіндігінше молырақ қармап қалуға тырысқанын байқаймыз. Қазіргі таңдағы науқан да дәл осындай, яғни адамдар жануарларды тек шикізат көзі ретінде қолданып, тіршілк орталарына қол сұғып, бүкіл эко жүйеге кері әсерін тигізіп жатыр. Соның кесірінен өсімдіктердің 400-ден астам, ал жануарлардың 300-ден астам түріне жойылу қаупі төніп тұр. Жануарлардың құқықтарына қатысты түрлі пікірлер калыптаскан оның ішінде уталитариан аргументі. Ол аргументті қолдаушылар жануарлардың құқықтарының барына шектеу қойып, жануарлардың тіршілік мақсатын адамзаттың керегіне жұмсаумен сипаттайды. Өзге адамдар құқықтардың теңдігі тезисін алға қойып, барлық тіршілік иелерінің бірдей құқытарының қалыптасуын өтінеді.

Жеке басым жануарлардың құқықтарының құрметтелуіне оң қараймын және олардың тек шикізат өнімі ретінде саналуына қарсымын. Жануарлар әлемі адамзаттың әлем эко жүйесіндегі орнын ұмытпауға әрі әлеуметтік тұрғыдан жануарлар құқықтарының танылуы болашақтағы гуманды қоғамның орнығуына ықпалын тигізері анық.

Сол себепті тіршіліктің қалыпты жағдайын, табиғаттың берген сыйын сақтап, оларды келешек ұрпаққа өсімін молайтып қалдыру бүгінгі таңдағы басты экологиялық міндеттердің бірі болып отыр.

Ал сіз қандай тұсты тандайсыз?

0
0
786

Осы тақырып бойынша

Жануарлар Құқықтары - Yvision.kz