Жануарларға деген адамдардың қарым-қатынасы

Қазақстандағы глобалды мәселердің бірі- қоғамның жануарларға деген қатігездік, аяусыз қарым-қатынасы десекте болады. Себебі, қарасақ неше түрлі қатыгездіктерді көріп жатырмыз. Тіпті,куәгерлердің көзінше зардап шеккен жануарлар бар,олардың құқығын қорғамай қаншама қатігез адамдар жазадан қашып отыр. Тик-ток, инстаграм желілеріне өз қатігездіктерін мақтанып салып қойып жатқан адамдар қаншама. Үйсіз жануарларды ұстау және кейіннен жою кезінде қолданылатын қатігез әдістер таң қалдырады. Көшедегі иттерді атып,тіпті тірідей өртеп жібереді. Үйсіз жануарларды арналған мемлекеттік баспаналар жоқ. Қамқор азаматтар жасаған жеке баспанарларға мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмейді. Қазақстан жануарларға деген көзқарасы бойынша алғашқы он елдің қатарынан әлдеқайда артта қалды.
Тіпті бүгінде қала көшелерінде балалардың мысықтарды қорқытып,көгершіндерді қуып,басқа да «жазықсыз» жануарларды ойын-сауыққа айналдырып жатқанын көруге болады. Қоғам бұл мәселеге көз жұма қарайды. Жануарларға деген көз қарас негізінен адамның қалыптасуының тағы бір сәті екенін екенін ұмытпайық, сондықтан айтарым ата-анадар балаларын осы кішкентай кезінен бастап дұрыс тәрбиелей білу керек. Барлық нәрсе тәрбиеден басталды.
Бүгінгі күні барлық деңгейдегі 300-ден астам заңнамалық актілер- Конституциядан заңға тәуелді актілерге дейін жануарларға деген көзқарасты реттейді. Бұл актілерді 2 үлкен топқа бөлуге болады - жалпыға бірдей қолданылатын және арнайы, жануарлардың белгілі бір топтарына қолданылатын. Алайда, бұл құжаттарда мыналар жоқ: жануарларға адамгершілік және жауапкершілікпен қараудың негізгі принциптері, сондықтан жануарлар қатыгездікпен нашар қорғалған. Біз мұндай қағидаттардың кейбір нормативтік актілерде бар екенін білеміз, бірақ олар сонда ғана айтылып, ашылмай, іс жүзінде қолданылмайды.
Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қатыгездік үшін жауапкершілікті белгілейтін 316-бабы бойынша бүгінгі күні ешкімді тарту мүмкін еместігіне назар аударды. Мысал ретінде ол Атырауда ер адам итін тоңазытқыштың есігімен тұншықтырып өлтірген, бірақ азаптаушы жауапқа тартылмаған оқиғаны келтірді.
Сондықтанда айтарым жануарларға деген қатігездік көрсетуді жою керек және оларға үйсіз, қорғансыз затқа қарағандай қарауды қою керек. Жануарлар аса мейірімділікті қажет етеді. Оларғада көмек көрсетіп, жануарларға арналған ұйымдар ашуымыз керек. Жүрегіміздегі қатігездікті жойып, бір-бірімізге мейірімді болайық.
Айдана Сакенова
