Жангелді ауданында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
2020 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау және қадағалау тексерулерінің бекітілген тізімін орындау шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары халықтың қауқары аз топтары үшін объектілердің қолжетімділігі мәселесі бойынша Жангелді ауданының әлеуметтік объектілері бойынша профилактикалық бақылау жүргізді. "Жангелді ауданы әкімінің аппараты" ММ, "Жангелді ауданы Торғай ауылы әкімінің аппараты" ММ, Жангелді ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі, "Қазпошта" АҚ Қостанай облыстық филиалының Жангелді АПББ тексерді.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұзушылықтар анықталды.
Бақылау қорытындысы бойынша субъектілерге орындау мерзімі бар мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама енгізілді. Аталған мерзімде Департамент қызметкерлері нұсқамаларды орындау мақсатында осы объектілер бойынша бақылау тексерулерін жүргізеді. Берілген ұйғарымдар орындалмаған жағдайда, бақылау субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
