Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жанғазы Руслан Досжанұлы

Руслан Жанғазы

Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі

Ғылыми қызығушылықтар шеңбері кең және әртүрлі саладағы сараптамалық, ұйымдастырушылық пен басқарушылық жұмыс тәжірибесі мол Қазақ саясаттанушысы.

Кәсіби мамандануы – Қазақстан мен геосаяси Еуразиядағы саяси тәуекелдер саласындағы сараптамалық барлау.

Білімі, қайта даярлау және кәсіби біліктілікті арттыру

2000 – 2005 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті –"Саясаттанушы, саясаттану оқытушысы" – деген біліктілік берілді. Diploma Cum Laude.

«Орталық Адиядағы геосаяси процестер: әскери-стратегиялық аспект» тақырыбындағы дипомдық жұмысын сәтті қорғап шықты.

2011 – 2013 жж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – "Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі" – академиялық дәрежесі берілді. GPA – 3,78.

«Қазақстан Республикасында ұлттық ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыру» тақырыбындағы магистрлік диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Техносаясаттанушы, ұлттық ғылыми-технологиялық саясатты зерттеу және қалыптастыру саласындағы сарапшы.

2003 – 2004 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әскери кафедрасы – "Лейтенант" әскери атағы берілді.

2014 ж. – "Технион" Израильдің технологиялар институты – "Техниондағы инновациялар, кәсіпкерлік және технологияларды коммерцияландыру" инновациялық семинары шеңберінде Тель-Авив университеті, Хайфа университеті, Иерусалимдағы Яһуди университеті және Технионға сапар жасалды.

2016 ж.– Малайзияның технологиялық даму корпорациясы – Назарбаев Университеті ұйымдастырған Малайзияның техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде "Қазақстандағы практиктерге арналған MTCP-MTDC коммерциализациялау экожүйесін дамыту" тренинг бағдарламасы.

2015 ж. – Еуропа Одағының зерттеу және инновация жөніндегі негіздемелік бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы ұлттық үйлестірушісінің "Horizon 2020: new calls for proposals" атты тренингі.

2015 ж. – Springer – аталмыш халықаралық баспаның басылымдарында ғылыми мақалаларды жариялауды үйрететін авторларға арналған тренинг.

2014 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты – "Өнеркәсіптік меншік саласындағы даму мен бәсекелестікке қабілеттілік" республикалық семинары.

2014 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты –"Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау және пайдалану" семинары.

2012 ж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – "Экстремизм және лаңкестікке қарсы тұру мәселелері: тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету" тақырыбы бойынша республикалық семинар-тренинг.

2011 ж. – А.М. Горчаков атындағы Қоғамдық дипломатияны қолдау қоры – "Ресей және оның айналасындағы әлем: Болашаққа бағдарланған диалог" атты жас сарапшыларға арналған ғылыми білім беру бағдарламасы.

2010 ж. – Саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың Тұңғыш Орталық Азиялық конвенті.

2007 ж. – Ресейдің Саяси зерттеулер орталығы (ПИР-Центр) – Жаһандық және ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық жазғы мектебі.

Кәсіби қалыптасуы және біліктіліктерін дамытуы

2005 – 2006 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының оқытушысы.

2005 – 2007 жж. – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері.

2008 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің сарапшысы.

2008 – 2010 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери стратегиялық зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері.

2009 – 2010 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің – Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының іссапармен жіберілген сарапшысы.

2009 – 2012 жж. – Аймақтық болжамдау орталығының директоры.

2009 ж. – Өңірлік зерттеулер халықаралық институтының директоры.

2010 – 2012 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері.

2012 – 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығының Талдау жұмысы бөлімінің бастығы.

2013 ж. – "e-center.asia" ақпараттық талдау порталының бас редакторы – "Континент - А" Өңірлік мәселелерді зерттеу орталығының сарапшысы.

2014 – 2015 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жүйелеу және бағалау департаментінің директоры.

2015 ж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Технологияларды коммерцияландыру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2015 – 2016 жж. – "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанаты төрағасының штаттан тыс кеңесшісі.

2016 – 2022 жж. – мемлекеттік бағдарламалар және ішкі саясат саласындағы өзге де құжаттарды әзірлеу және олардың жүзеге асырылуының тиімділігін талдау жөніндегі кеңесші-фрилансер.

2022 ж. – қазірге дейін – Straxio Riskelligence құрылтайшысы және директоры.

Руслан Жанғазының зияткерлік жобалары

1. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін Ғылыми-технологиялық даму доктринасы жобасының авторы;

2. Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" заң жобасын келістіруге және одан әрі жылжытуға қатысты;

3. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Инновациялық даму тұжырымдамасы жобасын келістіруге және одан әрі жылжытуға қатысты;

4. "Инновациялар және патенттер деректер қорын құру" ҒЗЖ туралы есебін әзірлеуге қатысты;

5. Стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысты;

6. Елбасы атына және еліміздің жоғары басшылығына әзірленген бірсыпыра талдау-сараптау материалдарының авторы;

7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тапсырмасына сәйкес бірсыпыра ғылыми зерттеу және талдау жобаларын орындады;

8. Кітап және екі әдістемелік құралдың авторы;

9. Ғылыми басылымдарда, қоғамдық саяси мерзімді баспасөзде, интернет парақшаларда жарияланған 200-ден астам мақала мен сұхбаттың авторы, Yvision платформасында жеке блогын жүргізеді.

Руслан Жанғазының ғылыми қызығушылықтарының өрісі

Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми-технологиялық саясаты: зерттеу, әзірлеу, жоспарлау және іске асыру;

Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесі: даму парадигмасының ауыстырылуы: жүйе элементтерін қалыптастырудан – болашақ технологиялық серпіліс бағыттарын болжамдауға;

Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері: ұлттық мүдделер және елдердің әлеуетін біріктіру болашағы арасындағы теңгерім;

Қазақстанның ағымдағы этносаяси, конфессионалдық және тілдік процестері: үрдістері, факторлары, ерекшеліктері;

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру: Қауіпсіздік Кеңесінің үйлестіруші ролін күшейту, барлау қауымдастығының даму тұжырымдамасы, ұлттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерінің трансформациялау үдерісін талдау;

Әскери қауіпсіздік және қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың Штабтар бастықтарының біріккен комитетін құру арқылы әскери басқарудың стратегиялық органдарының тиімділігін арттыру;

Ішкі саясаттағы ағымдағы үрдістерді талдау: саяси партиялардың құрылуы мен бәсекелестігі, «билік – оппозиция» бағыты бойынша өзара іс-қимыл;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйелерін жаңғырту, электрондық үкімет мәселелері;

Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру.

1
0
1624

Осы тақырып бойынша