Жамбыл облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті.
Кандидаттар М.Мұсаев, Е.Дүйсенқұл, С.Ни азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй және жұмыспен қамту, несие, материалдық көмек және құқықтық сауалдармен келген. Оларға Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес кеңестер берілді. Сонымен қатар, келушілерге партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, ондағы басым бағыттар, нақты атқарылатын тірліктер туралы айтылды.
#сайлау_2021
#Нұр_Отанға_Дауыс_Бер
#Biz_Birgemiz
