Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Жамбыл" БПҰ-да есеп беру және сайлау жиналысы ZOOM платформасы арқылы Онлайн форматында өтті.

"Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің,қоғамның бірлігі қажет."

21.04.2021ж. “Nur Otan”партиясы Ақжайық аудандық филиалының "Жамбыл"бастауыш партия ұйымында есеп беру және сайлау жиналысы ZOOM платформасы арқылы өтті.Онлайн есеп беруде партия төрайымы В.Г.Бустекованың 2019-2020жылдардағы партиялық жобалар аясында өткізілген іс-шараларды кеңінен таныстырылды.Партияның қолданыстағы жобалары білім беру саласындағы тәрбие жұмыстарымен тығыз байланысты екенін айта отырып,алдағы уақытта да бастауыш партия ұйымы белсенді жұмыс жасайтынын айтты.Сонымен қатар,біраз жылдан бері жетекшілік атқарып жүрген партия төрайымы В.Г.Бустекованың орнына,өз келісімімен,қызығушылығымен,

қоғамдық саяси жұмыстарға белсене араласушы,партия мүшесі,ІІсанатты дене тәрбиесі пәні мұғалімі Нұрболатұлы Нұрсұлтан сайланды.Ауыл әкімі міндетін атқарушы Абзал Русланұлы және онлайн қатысып отырған партия мүшелері жас көшбасшыны құттықтап сәттілік тіледі және атқарылған жұмыстардың ішінен "Қайырымды істер марафоны"жобасының ұтымды ұйымдастырылғанын атап өтті.

Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасайтындарын мәлімдеді.

Хатшысы-Т.Т.Садыков

#Жұлдызды Жамбыл

#Nur Otan

0
0
142

Осы тақырып бойынша

"Жамбыл" БПҰ-да есеп беру және сайлау жиналысы ZOOM платформасы арқылы Онлайн форматында өтті. - Yvision.kz