Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесті
Бүгін «Nur Otan» партиясынан мәслихат депутаттығына үміткер Раджу Сайлауұлы Тасарық ауыл округі Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде азаматтарға партияның сайлауалды бағдарламасының жеті басым бағыттарын әңгімелеп беріп тұрғындардың көкейтесті сауалдарына жауап берді. Еліміздің саяси жетекші партиясы «Nur Otan»-ның нақты істердің партиясы екенін айтқан үміткер сайлаушыларды алдағы саяси науқанда қолдауға шақырды. Кездесуде тұрғындар алдағы сайлау науқанында «Nur Otan» партиясына сәттілік тілеп, партияға сенім артатынын айтты.

Nur Otan-ға дауыс бер! Бізбен бірге
