Жамбыл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өткізілді

А.ж. 31 қазаны күні Департаменттің басшысы Жамбыл ауданы қызметшілерімен кездесуін өткізді. Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Бірінші институционалдық реформасының іске асыруы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басымдылық бағыты болып табылатынын атап өтті.
Кездесу қатысушыларына тестілеуден өту, конкурс өткізу тәртібі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді.

Өткізілген кездесу барысында Департамент басшысы жиналғандарды мемлекеттік қызметшілерді оқыту, мемлекеттік органдардағы ауысушылығы, конкурстарды өткізу бағыттары бойынша ауданның нәтижелерімен таныстырды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы кейбір аудандық мемлекеттік органдардың жұмыстарындағы кемшіліктері көрсетілген.
Сонымен қатар, Ғ.С. Тұрсынбаевпен СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Д.Қ. Тайшабай және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының инспекторы С.Н. Зайцевамен бірге азаматтардың қабылдауы өткізілді. Мемлекеттік қызметтерін алу, «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалауын өткізу, енгізілген әдеп жөніндегі уәкілі институтының жұмысы туралы және т.б. сұрақтары бойынша 7 адам жүгінді.

Департаментпен тұрақты түрде халық арасында және де мемлекеттік қызметшілер үшін белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
