"Жалпыұлттық телевидение" күні
Бала кезімізде бұл техникалық құралсыз өмірімізді елестету қиын болатын. Бірақ ғылыми-техникалық прогресстің дамуы, телефон, планшет және ноутбуктардың пайда болуына әкеліп, олар теледидардың орнын басуда.
Бүгінде әрбір адамның үйінде теледидар бар. Жансыз болса да сол «көк жәшік» бізбен бірге күледі, бізбен бірге мұңаяды, тіпті балаңызды да тәрбиелеп беруге әзір. Төрден орын тепкен «көгілдір экран» отбасымыздың бір мүшесіне айналғалы қашан. Осы теледидардан жақсы жағынан аларымыз көп. Жағымсыздарын жадымыздан алыс ұстай алсақ болғаны.
Күллі әлемнің барлығы осы кішкентай терезеге сыйып кеткені рас. Осы көк жәшіктен төрткүл дүниеде болып жатқан жайлардан хабардар боламыз. Теледидар өміріміздің бір бөлшегі іспетті. Назар салып көрмесек те көк экран қосылмай тұрса, көңіліміз орнына келмейтін сыңайлы боп тұрады.
