Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жалғызбасты анаға көмек көрсетілді

Қоғамдық қабылдау кезінде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Санарова Наталья Викторовна хабарласып мүмкіндігі шектеулі баласының күтіміне байланысты ешқайда жұмыс істей алмайтындығын, әлеуметтік жағдайының төмен екендігін айтып көмек сұрап хабарласқан болатын.

Мүмкіндігі шектеулі балам екеміз ғана тұрамыз. Жолдасымның өмірден өткеніне бірнеше жыл болды. Балама берілетін жәрдем ақымен күн көрудеміз.

Осыдан екі күн бұрын «Nur Otan» партиясына көмек сұрап хабарласқан едім. Бүгін менің өтінішімді есеріп көмек қолын созуда. Азық-түлікпен қатар жаңа ұялы телефон табыстады.Ұля телефонның болмауына байланысты кейбір онлайн мемлекеттік қызметтерді де алуға мүмкіндігіміз болмады. Көрсеткен көмектерімен қолдаулары үшін партия мүшелеріне алғыс айтамын. Мүмкіндік болса партия қатарына қосылсам деген ойым бар- дейді Наталья Викторовна.

Рыпаков Денис Сергеевич жалғыз басты анаға ұялы телефонмен қатар азық-түлікпен көмек көрсетсе, партия қызыметкерлері egov –тан сандық қолтаңба алып, үй кезегіне тұруға ықпал етті.

0
0
257

Осы тақырып бойынша

Жалғызбасты анаға көмек көрсетілді - Yvision.kz