Жалғыз басты анаға көмек көрсетілді
Қала тұрғынының өтінішімен қоғамдық қабылдау кезінде облыстық мәслихаттың депутаты Анашкин Михаил Николаевич танысып көмек көрсететіндігін жеткізді.
Арада бірнеше күн өткенде облыстық маслихат депутаты жалғызбасты ананаға бірінші кезекте қажетті азық-түліктермен және өзгеде тұрмысқа қажетті заттармен көмек көрсетті.
-Шынын айту керек тұрмыстық жағдайымыз нашар, баспанамыз жоқ, пәтер жалдап тұрамыз. Кей кезде азық-түліктенде қысылып қаламыз. Мен кішкентай баламен үйдемін, жұмыс жасамаймын. Осы жолыда азық-түліктен тарығып «Nur Otan» партиясынан көмек сұрап хат жолдадым. Менің өтінішім қараусыз қалмай бірнеше күнен кейін маған партия тарапынан көмек көрсетті. Мен үшін бұл азда болса көмек рахмет айтамын- дедйі жалғызбасты ана.
Еліміздегі эпидемологиялық жағдайға байланысты «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына түсетін арыз шағымдардың басым бөлігін материалдық көмек сұраған азаматтар құрайды. Еске сала кетер болсақ өткен жылы елімізде шектеу шаралары енгізіліп COVID-19 вирусының таралуы күшейкен кезде «Nur Otan» партиясы «BIRGEMIZ» қоғамдық қоры арқылы және қайырымды азаматтардың қолдауымен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, қарттарға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға материлдық көмек көрсетті.
Бүгінгі таңда «BIRGEMIZ» қоғамдық қорының жұмысы тоқталғанмен мұқтаж азаматтарға көмек көрсету тоқталған жоқ. Барынша көмек көрсетілуде.
